«Жаңартылған бағдарлама- сапалы білім негізі» атты бастауыш сынып бірлестігінің әдістемелік апталығы
Мектебімізде бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен 3–7 ақпан аралығында «Жаңартылған бағдарлама- сапалы білім негізі» атты мектепішілік әдістемелік апталық болып өтті.
Апталықтың мақсаты:Бастауыш сынып мұғалімдерінің жаңартылған бағдарлама жұмыстарына қолдау көрсете отырып, кәсіби құзыреттілігін және педагогикалық шеберлігін жоғарылату.
3.02.2020 жылы бастауыш сынып бірлестігінде өткен әдістемелік апталықты бірлестік жетекшісі Р Садикбекова жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері туралы айта отырып, апталық жоспарымен таныстырып, апталықты ашып берді. Одан әрі бастауыш сынып мұғалімі А.Ақтаева «Көңілі көтеріңкі ұстаздың еңбегі де жемісті» тақырыбындағы қарым –қатынас тренингімен жалғастырды.