02
сентябрь
2019
"Сәлем, саған мектебім!"
1 қыркүйек күні "Саналы ұрпақ-жарқын болашақ!" ұранымен "Сәлем саған мектебім!"атты кең көлемде мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шара барысында Мемлекеттік ту ресми түрде енгізілді.
Мерекелік іс-шараны мектебіміздің директоры Юсупова Актуйгын ашып беріп, оқушылар мен ұстаздарды білім күнімен құттықтады. Ауыл қариялары мен ардагер ұстаздарымызға сөз беріліп мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге деген жүрекжарды тілектерін жеткізді. Шара барысында мектеп табалдырығын алғаш аттаған 1-сынып оқушылары да өз өнерлерін көрсетті.
Алғашқы қоңырау соғу сәті 1-сынып оқушылары Үсенбай Нұрислам мен Досан Жанеркеге бұйырды. Шара соңында сөз кезегі кезегі ата-аналарымызға беріліп, оқушылар мен ұстаздарға деген ақ тілектерін білдірді. Мерекелік іс-шара 6-сынып оқушысы Нышан Нұрайдың "Қазақстаным, ұлы Отаным" әнімен аяқталып, мемлекеттік ту ресми түрде шығарылды.