01
сентябрь
2022
«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны
№254 жалпы орта мектебінде «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті.Аталмыш жиынға Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұрымжан Бұлдырықов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Назерке Базарбаева, Манап ауылдық округінің әкімі Нұрбек Бексұлтан, ауыл ақсақалдары қатысып, ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты шарада мектеп директоры Ф.Ниязова мектебіміздің 11-жылдық болып ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтап, өткен оқу жылының қорытындысына тоқталды. Жаңа оқу жылының мақсат міндеттерін атап өтті. Биылғы оқу жылына шығармашылық шабыт, толағай табыс пен сәттіліктер тіледі. Сонымен қатар жиында 1-сынып бүлдіршіндеріне салтанатты түрде 11-сынып оқушылары «Әліппе» оқулығын табыстады. Мектебіміз 20 жыл көлемінде негізгі орта білім негізінде білім беріп келген болса, биылғы 2022-2023 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектепке айналды. Ауыл тұрғындары, ауыл ақсақалдары,ата-аналарымыз қуанышымызға ортақтасып ризашылығын білдіруде. Шара соңында ауыл имамы Әшір атамыз балаларға берекелі, хайырлы білім , ұстаздарға алғысын айтып бәте берді. Мектебіміздің лентасы қиылып, оқушыларымыз сыныпқа кіргізілді.
Білім алушылардың бойында оқуға құштарлық , отаншылдық, құрмет және азаматтық сана , еңбекке баулу,құндылықтарды дарыту мақсатында «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.