05
февраль
2020
"Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін арттыру" тақырыбында коучинг
5.02.2020 ж әдістемелік апталықтың үшінші күнінде бастауыш сынып мұғалімі Г.Жақсыбекова "Бастауыш сынып оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін арттыру" тақырыбында коучинг өткізді. Коучинг барысында дарынды бала мен талантты баланың ұқсастықтары мен айырмашылықтары салыстыру бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылды. "Мен зерттеушімін" деп жұмыс дәптер арнап күнделікті баламен жұмыс жасап отырса, баланың зерттеушілік қабілеттері ашыла түсетінін және дарындылыққа жетелейтін жұмыс екеніне тоқталды. Сонымен қатар зерттеудің қолжетімді әдістері және Ұлы Абайдың жетінші қара сөзінде де келтірілген мысалдарды салыстыра отырып сипаттап көрсетті.