09
декабрь
2019
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығын жұмыс барысында басшылыққа алу үшін түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары К.Абылбекова Аудандық білім бөлімі облыстық білім басқармасының 29.11.2019 жылғы №02-5/5966 санды хатына сәйкес Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы №509 бұйрығын жұмыс барысында басшылыққа алу үшін түсіндіру жұмысын жүргізді.
"Орта,техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім жіне ғылым министрлінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін атап өтті. Соның бірі - формативті бағалау кезінде мұғалім сабақта кері байланысты жүзеге асыратыны, оның нәтижелерін басып шығару мен сақтауды талап етпейтіндігі, БЖБ және ТЖБ-ға қойылатын қорытынды балды қою кезінде қолмен жөнделген жер, сондай-ақ оқу тапсырмалары мен есептер шарттарын рәсімдеу сапасы есептелмейтінін, бастауыш сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникативтік технология" пәндері бойынша жиынтық бағалау өткізілмейтінін атап өтті. Сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылардың ерекшеліктерін есепке ала отырып, мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолдану қажеттігі және жеке оқу бағдараламаларын іске асыру кезіндегі бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуге болатындығына тоқталды.
9-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда:
1) ана тілі бойынша жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) - жазбаша жұмыс (эссе); 2) математикадан (алгебрадан) - жазбаша емтихан;
3) қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиетіне - жазбаша емтихан; 4) таңдау пәндері бойынша - жазбаша емтихан болатынын нақылады.