26
ноябрь
2019
"Экология және біз" тақырыбында тәрбие сағаты
Бүгін, яғни 26-қараша 8-сыныпта сынып жетекшісі П.Әшімованың ұйымдастыруымен "Экология және біз" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты, табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру. Қоршаған ортаның сапасы мен ластануы туралы, сыртқы ортаның барлық факторларының бір-біріне байланыстылығын оның ішінде біз және табиғат байланыстылығын білуге үйрету. Табиғатты қорғай алатын адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.
Табиғат-қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді? Балалар өз ойларымен бөлісті. Бүгінгі тақырып табиғатқа жер экологиясына оның ішінде Қазақстан экологиясына арналғанын ұққан боларсыңдар. Олай болса сөздік жұмыс жүргіземіз Экологияға талдау жұмыс жүргізілді. Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көрсетілді.
1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан балаларды көрді де тұрып қалды.
Сұрақ:
1.Арман не істеді деп ойлайсыңдар?
2.Арман қандай бала?
3.Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен? Оқушылар топпен, жұппен жұмыс жүргізіп, сұрақтарға өз пікірлерін білдірді.
Оқушылардың орындауында "Атамекен" әні орындалды. Осы табиғатымызда сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз екендігі айтылды. Сөзжұмбақ құрастырылды, сұрақтарға жауап берді. Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік деп айта аламыз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек екендігі айтылды. Ал мол білім-кітапта, әр пәнді жақсы оқуда . Қашанда табиғатқа қамқорлық керек екендігі айтылып, тәрбие сағаты қорытындыланды.