21
ноябрь
2019
Ата-аналар жиналысы болып өтті.
№254 негізгі орта мектебінде 2019 жылдың 20 қараша күні жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Ата-аналар жиналысының мақсаты: І тоқсандық қорытынды, оқушылардың білім сапасының көрсеткіші, тәрбие үдерісі, мектеп психологының жұмысы және ағымдағы мәселелерді қарастыру. Оқу ісінің меңгерушісі К.Абылбекова оқушылардың білім көрсеткіші бойынша презентациямен таныстырды. Мұнан кейін"Критериалды бағалау" туралы ата-аналардан сауалнама алынып, талқыланды. Жиналыс соңында мектеп психологы А.Байтореева "Юнисеф" бағдарламасының бала өміріне маңызды бейнежазбасын көрсетіп, бала тәрбиесіне қатысты мінез-құлықтың сипаттары, отбасындағы қарым-қатынас, сыйластық барысында ата-аналармен пікір алмасты, ашық алаңға шақыру арқылы әңгіме өрбітті.