19
сентябрь
2019
БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС – ЖЕМІСТІ НӘТИЖЕ КЕПІЛІ
Елімізде оқушы білімін нақты да, әділ бағалау мақсатында критериалды бағалау моделі енгізілген. Жаңа бағалау жүйесі бойынша оқушы қалай бағаланады, қандай қиындықтарға тап болғаны жайлы ақпарат алу ата-ана үшін өте маңызды. Осы орайда №254 негізгі орта мектебінің үйлестірушісі К.Абылбекова "Критериалды бағалау - сапалы білім өлшемі" тақырыбында жаңартылған бағдарламаға көшкен сыныптың ата-аналарына арналған ашық пікірлесу алаңын өткізді. Шара аясында "Жүрек жылуы" тренингі ұйымдастырылып, критериалды бағалау жүйесі түсіндірілді. Ата-аналар ойларында жүрген көптеген сауалдарға толықтай жауап алды. "Төрт балауыз шам" өсиет әңгімесін тамашалаған қатысушылар, әңгімеден түйген ойларын ашық ортаға салды.
Пікірлесу барысында белсенділік танытқан 5 сынып жетекшісі М.Алменованың бейнероликтен көрсетілген энерджайзері ата-аналарға үлкен жағымды көңіл-күй сыйласа, оқушылардың өз отбасы жайлы жазған жылы лебіздерін ата-аналарды зор қуанышқа бөледі.
Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: "Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін" деген ұтымды ой айтқан. Олай болса, мектеп пен отбасы сабақтастығы қалыптасқан кезде ғана баланың білімді тұлға болып қалыптасып, елдің берік тірегі болары сөзсіз.