16
сентябрь
2019
"Отбасы - бақыт мекені"
6-14 қыркүйек аралығында "Отбасы - бақыт мекені" атты апталық іс-шара болып өтті. Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі У.Ташимова 6-сынып оқушылары арасында "Отбасы - шаңырақтың айнымас тіреу" атты эссе жазу байқауын ұйымдастырса, география пәні мұғалімі Ж.Мырзатаева 9-сынып оқушыларымен "Отбасы - бақыт мекені" атты отбасылық видеоролик байқауын жоғары деңгейде ұйымдастырды, сонымен қатар орыс тілі пәні мұғалімі М.Алменова "Бақытыңды баладан ізде...." атты ата-аналармен пікір-сайыс алаңын кең көлемде ұйымдастырса, мектеп тәлімгері Д.Джусипова "Менің жанұям" тақырыбында 5-9 сыныптар арасында сурет байқауын, дене шынықтыру пәні мұғалімі Р.Тасыбеков апталық іс-шараның соңғы күні "Біз бір отбасымыз" атты 5-6 сынып оқушылары арасында эстафеталық сайыспен қорытындылады.