07
октябрь
2020
«Сенің ерекше қабілетің» тақырыбында тренинг
№254 негізгі орта мектебінде 7-қазан күні 6-сынып оқушыларына мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау мақсатында мектеп директорының кәсіби бағдар беру орынбасары Г.Примкулова «Сенің ерекше қабілетің» тақырыбында тренинг өткізді. Тренинг барысында «Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?», «Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?» т.с.с сұрақтар төңірегінде ой өрбітілді.