26
ноябрь
2019
"Армансыз адам болмайды" ойтолғау жұмысы жүргізілді.
26 қараша күні 5-6 сынып оқушылар арасында "Армансыз адам болмайды" тақырыбында ойтолғау жұмысы алынды.
Сабақты ұйымдастыруда 5-6 сынып оқушыларының алдында тұрған басты мақсат - болашақ мамандығын таңдау болып табылады. Ал мамандық таңдау - адам өміріндегі ең негізгі мәселе болып табылды. Себебі, қоғамға кемел де терең біліммен қаруланып ғылым мен техниканың сан қырлы тетігін меңгерген, бүкіл әлемдік құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ қажет екендігі жайлы оқушыларға кеңірек түсінік берілді. Ал әр оқушының ең бірінші "Кім болам?" деген сауал мазаламайтыны белгілі.
Әр оқушының мақсаты болмаса ештемеге де қол жеткізбейді. Болашақты армандай білу де керек, себебі арман өмірге қызықтырады, өрге тартады. Арман әр адамның жарық жұлдызы, айқын бағдары, онсыз алға басу да, тірлік те жоқ. Олай болса, алға ұмтылу - өмірдің мақсаты. Адамның арманы өте көп. кей кезде арманымыз қиялға айналып кететіні рас. Адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат арқылы арманыңа жете алады. Әрбір адамның арманы әртүрлі болады. Арман таусылмайды, бір арманыңа қол жеткізген соң, екінші арманыңның орындалуы үшін талпынасың, үшінші, төртінші.... солай жалғасып кете береді. Яғни осы сұраққа жауап алу мақсатында әр оқушының болашақты болжау, армандау мкақсатында ойтолғау жұмысы жүргізілді.