26
октябрь
2019
"Спорт-таусылмас азық...." атты денешынықтыру пән апталығы
№254 негізгі орта мектебінде апталықтың іс-шара жоспары бойынша 21-қазан күні 7-8 сынып ұлдары арасында баскетболдан жарыс өтті. Жарысқа оқушылар спорт формасымен қатысты. жарысты мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Жаназаров сөз сөйлеп оқушыларға сәттілік тілеп ашып берді. Жарысқа 5-5 оқушыдан екі команда қатысты. Жарыс 4-кезеңнен жалғасып 3-1 есебімен "Достық" тобы жеңіп сыйлықтар берілді.
22-қазан күні "Толағай" эстафеталық сайыс өткізілді. Сайысқа 5-6 сыныптың ұл-қыздары болып 4-топқа бөлінді. Сайысқа қатысқандар спорттың 4 түрінен әр түрлі сайыстардан өнер көрсетті. "Жүйріктер" тобы І орынды иеленсе, ІІ орынды "Жасұлан" тобы қанжығасына байлап, ойын соңында жақсы өнер көрсетіп көзге түскен оқушылар марапатталды.
23-қазан күні волейболдан 7-9 сыныптың қыздар арасында жарыс өтті. Волейбол жарысында 9-сыныптың қыздары жеңіп І орынға ие болды.
24-қазан күні 1-4 сынып аралығында дойбыдан ұйымдастырылған жарысқа сынып жетекшілер оқушылармен бірге атсалысып жүрді. Дойбы жарысында 3-сыныптың оқушылары жақсы ойын көрсетіп, алға шықты.
25-қазан күні 5-8 сынып аралығындағы оқушылар жазғы алаңда футбол ойнады. Футбол ойынына 3 команда жасақталып, 2 команданың оқушылары жақсы ойын ойнап көзге түсті. Ойын соңына қарай денешынықтыру пәні мұғалімі жеңімпаз оқушыларды марапаттап, апталықты қорытындылады.