27
ноябрь
2019
Саралау-қолдау көрсетудің тиімді тәсілі
Саралау - білім алуға бағытталған әрекет. Осы әрекетті жүзеге асыруда мұғалімдерге саралау тапсырмалары мен саралау түрлерін, қолдауды қажет ететін оқушыларға бағытталған әдіс-тәсілдерді анықтау кезінде көптеген қиындықтар туындайды. Кездескен қиындықтарды шешуде мұғалімдерге қолдау көрсету мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Г.Налибаева "Саралау-қолдау көрсетудің тиімді әдісі" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Топқа бөлінген мұғалімдер ҚМЖ-да саралау жұмысын қалай іске асыратын жайлы өз ойларын ортаға салды. Мектептегі ІІ деңгейлі мұғалім Ж.Мырзатаева сыныптағы саралау жұмысының жалпы ортақ қабылданған жеті тәсілі жайлы түсінік берді. Саралаудың 7 тәсілі бойынша жұптық жұмыстар жүргізілді.
Мұғалімдер саралау жұмысын тиімді қолдану әр оқушының қажеттілігін анықтауға, оқыту үдерісін жетілдіруге, дағдыларды игеруге мүмкіндік береді деген ой түйді.
Мұғалімдер саралау жұмысын тиімді қолдану әр оқушының қажеттілігін анықтауға, оқыту үдерісін жетілдіруге, дағдыларды игеруге мүмкіндік береді деген ой түйді.