26
январь
2021
"Мамандық - өмір таңдауы" пікірлесу сағаты
2021 жылдың 26-қаңтар күні мектеп директорының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары Г.Примкулова 8-сынып оқушыларымен «Мамандық – өмір таңдауы» мамандыққа бағдарлау мақсатында пікірлесу сағатын ұйымдастырды.
Мақсаты: Оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру, жауапкершілік, міндеттілік, зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту, оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасау.