22
октябрь
2020
«Мамандық таңдау адам өміріндегі ең жауапты кезең» пікірлесу сағаты
№254 негізгі орта мектебінде 21-қазан күні 8-сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау адам өміріндегі ең жауапты кезең» тақырыбындамектеп директорының кәсіби бағдар беру орынбасары Г.Примкулова пікірлесу сағатын ұйымдастырды. Мақсаты: оқушының өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіру, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру, жауапкершілік, міндеттілік, зерттеушілік әрекетін іске асыру мүмкіндіктерін кеңейту. Оқушының тұлғалық және өмірлік өзін-өзі тануын қамтамасыз ететін болашақ кәсіби бағдарына сәйкес дербес дамуына жағдай жасау болып табылады.