12
май
2022
"Халықаралық отбасы күні қарсаңында" дөңгелек үстел
Аудандық білім бөлімінің қатынас хатын басшылыққа ала отырып, 11-ші мамыр күні №254 негізгі орта мектебінде Халықаралық отбасы күні қарсаңында мектептің педагог-психологы А.Байторееваның, сынып жетекшілер М.Алменова, С.Жүнісов, А.Батырбековалардың ұйымдастыруымен ата-аналармен дөңгелек үстел, сынып сағаттары, психологиялық тренингтер өткізілді.Отбасы бақыты, баланың қауіпсіздігі және отбасының адам өміріндегі маңыздылығы туралы тілектер айтылып, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық сауаттылығын арттыру мақсатында профилактикалық жұмыстар өз деңгейінде атқарылды.