09
декабрь
2019
"Қорқынышты қалай жеңуге болады?"
Педагог-психолог А.Байторееваның ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушыларының қатысуымен "Қорқынышты қалай жеңуге болады?" тақырыбында арнайы роликтер көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 5-6 сыныптың оқушыларымен сергіту сәті, қарым-қатынасты жаұсарту мақсатында көптеген тренингтер ойнатылды. Баланың бойындағы үрейді жеңу үшін профилактикалық жұмыстар атқарылды. Ән айту арқылы көңіл-күйлерін көтеріп, бір-біріне жақсы тілектер айтылды. Сабақтың соңында бірнеше жаттығулар жасалып, қоғамда орын алып жатқан келеңсіз жағдайларды айта отырып, абай болу керектігі қатаң ескертілді.