20
сентябрь
2019
"Тілім менің - тірлігімнің тірегі"
Бүгін мектеп тәлімгері Д.Джусипованың ұйымдастыруымен 22 қыркүйек - Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне орай "Тілім менің - тірлігімнің тірегі" атты мерекелік іс-шара болып өтті. Шараны мектеп директорының тәрбие ісі меңгерушісі Б.Жаназаров ашып беріп, мектеп ұжымы мен оқушыларды мерекемен құттықтады. Мерекелік шара 5-сынып оқушысы Ибадулла Ұлбаланың орындауындағы "Қанекей, тілім сөйлеші" әнімен бастау алып, мектеп оқушыларының ән биімен жалғасын тапты. Шара соңына қарай жұргізуші "Әр адам ана тілін" халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ұлтымыздың қасіреті екендігіне тоқталып өтті.