31
январь
2020
"Абай және ХХІ-ғасырдағы Қазақстан!" атты тағылымды шығармашылық кеш
Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Абай және ХХІ-ғасырдағы Қазақстан!" атты тағылымды шығармашылық кеш мектеп кітапханашысы Б.Бегімбетова мен П.Әшімованың ұйымдастыруымен өткізілді. Шығармашылық кешті қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі П.Әшімова жүргізді.
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған -деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек! 7-8-9-сынып оқушылары шараға қатысу барысында Абайдың көптеген өлеңдерін де жатқа мүдірместен оқып шықты. Абайдың "Көзімнің қарасы" және "Желсіз түнде жарық ай" тақырыбындағы өлеңдерін хормен айтып көрермендерді дән риза етті.
Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі-ол Абайдың қара сөздері. Абайдың қара сөздері - көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойлары. Публицистикалық үлгіде жазылған үлгі өнеге, ғибрат сөздер. Шараға қатысқан оқушылар Абайдың қара сөздерінің бірнешеуін жатқа оқыды. Кеш соңында 8-сынып оқушысы Жұмахан Нұрбахтың "Мен қазақтың ұлымын" әнін шырқаумен аяқталды. Кеш өте тартымды, үлкен дайындықпен өткізілді.