02
март
2020
«Коронавирустың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді.
02.03.2020 жылы№254 негізгі орта мектебінде ұстаздар мен 1-9 сынып оқушыларына «Коронавирустың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Түсіндірме жұмысын медбике жүргізді. Коронавирустың жұғу жолдарын, белгілері мен сақтық шараларын және алдын алу жайында айтып түсіндірді. Сақтық шараларын нақты атап өтсек:
- Қолды сабындап жуу, антисептик пайдалану;
- Маскалы режим
- Адам көп шоғырланған жерден аулақ болу
- Ауру симптомдары байқалған жағдайда міндетті түрде дәрігерге хабар беру