27
ноябрь
2020
"Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік" тақырыбында тәрбие сағаты
№254 негізгі орта мектебінің 1 сыныбында "Жол тәртібін білейік,аман-есен жүрейік" тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті. Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру, көше жағдайында кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту, зейінді болуға баулу. Сабақ барысында сынып жетекшісі жол ережесі, қауіпсіздік белгілерімен таныстырды. Видеоролик көрсетіп, жол апатын болдырмаудың ережелері түсіндірді."Дұрыс- бұрыс" ойыны арқылы оқушылар жол тәртібіне байланысты көптеген мағлұматтар алды, сергіту сәті орындалып, оқушылар сабаққа белсене қатысты.