08
июнь
2021
"Ерте, ерте, ертеде...." қазақ ертегілерін насихаттау мақсатында мәдени шара ұйымдастырылды.
Ертегі -ұлттық тәрбиенің айнымас бөлшегі. Халықтың тілі мен дүниетанымы, даналығы жас ұрпақтың бойына ең алғаш ертегі арқылы даритын белгілі. "Балдәурен" лагерінде де "Ерте, ерте, ертеде...." қазақ ертегілерін насихаттау мақсатында мәдени шара ұйымдастырылды. Балаларға қазақ ертегілерін, соның ішінде "Толағай", "Үш аю", "Екі дос пен аю" т.б ертегілерін көрсете отырып, мазмұны мен ертегідегі жағымды, жағымсыз кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне тоқталып өтті. Оқушылар шараға қызығушылықпен қатысты.