26
ноябрь
2020
"Топтық жұмыс арқылы оқушы қызығушылығын арттыру" тақырыбында шеберлік сағаты
26.11.2020ж. №254 негізгі орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Раушан Садикбекованың ұйымдастыруымен "Топтық жұмыс арқылы оқушы қызығушылығын арттыру" тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шараға мектеп ұстаздары қатысып, тәжірибе алмасты. Шараның негізгі мақсаты: топтық жұмыс,топқа бөлу тәсілдерінің түрлерін тәжірибеде қолданудың тиімділігі туралы ой бөлісу, тәжірибе алмасу. Алдымен "Сиқырлы қобдиша" әдісі арқылы көңіл-күй тренингі ұйымдастырылды.Ұстаздар топқа бөлініп " Мюнстерберг" әдісі арқылы жасырынған сөйлемді тапты. Нәтижесінде ақпарат туралы нақыл сөз шықты. Бүгінгі 26 қараша "Ақпараттың дүниежүзілік күні" екені айтылып, қызметі ақпараттық технологиялармен компьютерге негізделген кәсіп иелерін құттықтады."Латын әліпбиіне көшу- рухани жаңғыру талабы " демекші ұстаздар қауымына латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін пайдалану арқылы топқа бөліну жұмысы тапсырылды. Нәтижесінде "Тапқырлар","Алғырлар" болып бөлінді. Ғұлама,ойшыл, ақын, қазақ әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Суреттегі жұмбақ ой" тапсырмасы орындалды. Қима қағаздар арқылы ұстаздар топқа бөлінді, нәтижесінде " алма мен қызғалдақ " суреттері шықты. "Ұлы даланың жеті қыры" атты құнды дүниені насихаттау мақсатында жетінші құндылығымызда атап өткендей " Қазақстан алма мен қызғалдақтың отаны" делінген. Екі топ қатысушылары алма мен қызғалаққа " Жарнама құрастырамыз" әдісі бойынша жан - жақты талдады. "Ұшқыр болсаң, ұтып көр" бөлімінде ұстаздармен логикалық тапсырмалар орындай отырып лотерея ойыны ұйымдастырылды. "Жіп бойындағы суреттер " әдісі бойынша топтық рефлексия жүргізілді. Шара соңында ұйымдастырушы ұстаздарға сабақтарына пайдалану мақсатында " Топқа бөлу әдістері" тақырыбындағы кітапшаны тапсыра отырып: " Педагогтік шеберлік- дарынды талант емес, үйрену мен ізденудің нәтижесі. Ендеше , іздену мен үйренуді ешқашан тоқтатпайық дегім келеді.Өркениет көшіндегі білім кемесінің сапары сәтті болғай" деген сөздерімен қорытындылады.