«Пифагор теоремасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
№254 негізгі орта мектебінде 17 қараша күні математика пәні мұғалімі С.Жүнісов 8-сыныпта геометрия пәнінен «Пифагор теоремасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушыларды «Шаттық шеңберіне» тұрғызу арқылы жағымды психологиялық ахуал туындатты. Қима қағаздар арқылы екі топқа бөлінді. Үй тапсырмасын пысықтау мақсатында «Кім жылдам» сұрағы қойылды.
Жаңа сабақты ашу мақсатында «Ой қозғау» сұрағы қойылды. Сабақта топтық, жұптық жұмыстар жүргізілді. Тақтамен жұмыс жасалынып, оқушылардың есеп шығаруға деген қызығушылықтары артты. Сабақ барысында мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында кері байланыс жүргізіліп отырды. Сабақ соңында оқушылардың алған білімін нақтылау мақсатында жеке жұмыс орындалды. Сабақ өз деңгейінде өтті. Қатысқан мұғалімдер тарапынан пән мұғаліміне жақсы пікірлер айтылды. Сабақ жақсы деп бағаланды.