18
декабрь
2019
"Кім болам?" 1-сынып оқушыларымен сыныптан тыс ойын сабақ
Г.Примкуловның ұйымдастыруымен 1-сынып оқушыларымен "Кім болам?" тақырыбында мамандықтар жайлы ойын сабақ өткізілді. Сабақты өткізу барысында мамандық таңдаудың алғашқы баспалдағында өзін-өзі танып, икемділіктерін дамытып, болашақ мамандыққа дұрыс бетбұрыс алып, соған қарай бейімделуіне уақыт заман талаптарына тез үйренуіне, өзгенің пікірін тыңдауына, жеке тұлға қалыптастыруына ықпал ету үшін "Кім болам?" сұрағына жауап алуда өзінің сүйікті мамандықтары жайлы сұралды. Ойын сабақта "Дәрігер не істейді?," "Құрлысшы не жұмыс атқарады?," "Тігінші не істейді?," "Тағы қандай мамандықтарды білесің?" т.б сұрақтарға және мамандық түрлеріне байланысты бейне экрандағы жасырылған жұмбақтарға оқушылар қызығушылықтарын таныта отырып, дұрыс жауаптарын тауып өтті. Сабақ соңына қарай оқушылардың орындауындағы "Ұстазым, Сарбаздар" әнін тыңдап тамашалады.