«Топтық жұмыс арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
№254 негізгі орта мектебінде 16 қараша күні ІІІ деңгейлі, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі М.Алменованың ұйымдастыруымен «Топтық жұмыс арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
«Жүректен жүрекке» тренингін өткізу арқылы мұғалімдер арасында жағымды көңіл күй қалыптастырды. «Себет толтыру» әдісі арқылы топтық жұмыс туралы ойларын жинақтауға тапсырма берілді. Мұғалімдер топтық жұмыстың тиімді деген тұстарын жазып себетке салды.
Бейнежазба көрген соң өз ойларын ортаға салу арқылы топтық жұмыстың тиімділігі жайлы сөз қозғалды. Топтарға тапсырма беру арқылы топтық жұмыстың тиімді, тиімсіз жақтары анықталып талқыланды. Жалпы жұмыс барысында мұғалімдер, өздерінің ой пікірлерін ортаға салды, сабақта пайдаланып жүрген тиімді деген топтық жұмыстың түрлерімен бөлісті.
Осындай іс-шаралар арқылы мұғалімдердің қарым-қатынасы нығайып, ұжым жұмысы алға басады.
Жұмыстың соңы «Бақыт құсы» рефлексиясы арқылы қорытындыланды.