06
февраль
2020
"Қазіргі заман мұғалімінің имиджі қандай болу керек" дөңгелек үстел
6.02.2020 ж әдістемелік апталықтың төртінші күнінде бастауыш сынып мұғалімдері Б.Ахметова "Қазіргі заман мұғалімінің имиджі қандай болу керек" тақырыбында дөңгелек үстел және Б.Өтегенова "Ойын - оқушы білімін берік меңгеру құралы" тақырыбында таныстырылым өтті. Мұнда мұғалімдермен топтық жұмыстар ұйымдастырылып, мұғалім имиджі, педагогикалық қарым-қатынас туралы мәселелер талқыға салынды. Таныстырылымда ойынның түрлері, олар қандай мақсатта қолданылатындығы жайында мәліметтер берілді және мұғалімдер арасындағы "Сөз құра және сұрақ-жауап" ойындары көрсетілді.