«Сабақтағы кері байланыстың маңыздылығы» тақырыбында семинар практикум өткізілді.
№254 негізгі орта мектебінде ІІ (негізгі) деңгейлі мұғалім Ж.Мырзатаеваның ұйымдастыруымен
Жұмыстың мақсаты: «Мұғалімдердің кері байланыс туралы ой-пікірлерін білу, анықтау. Кері байланыс туралы ойларын жинақтауға, пысықтауға көмектесу. Кері байланыс туралы кеңінен мағлұматтар беру» болатын. «Ешқашан» тренингі арқылы мұғалімдерге жағымды көңіл-күй сыйланды. 1,2-2,1 деп санау арқылы топқа бірікті.
Кері байланыс дегеніміз не? Кері байланыс қандай мақсатта жүргізіледі? деген
«Ой қозғау» сұрағына, мұғалімдер өз пікірлерін ортаға салды. Кері байланыс және оның түрлері туралы түсінік беріліп өтті.
Кері байланыс – нақты іс-әрекетке,жағдаяттарға, сұрақтар мен жұмыстардың дұрыс-бұрыстығына көз жеткізе отырып, баға беру немесе пікір айту үдерісі. Кері байланыс мұғалімге оқудың қалай жүріп жатқанын, оқушы жетістігі мен қиындығы туралы хабардар етіп, жетістік деңгейі мен қиындығын шешуге көмектеседі.
Оқушы, мұғалім оқудағы өзінің кемшілік тұстарын біліп, алға жылжуға бағытталған нақты пікір алады. Оқытудағы кемшіліктерді біліп, өз шығармашылығына, тәжірибесіне өзгертулер енгізіледі.
Топтарға тапсырма берілді, әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша ойларын флипчартқа түсірді. Жұмыстарын түсіндіру арқылы қорғады. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс айту» арқылы бағаланды.
Мұғалімдер өздерінің «Ең ерекше» деген кері байланыстарын ортаға салып бөлісті.
Жұмыс соңында «Бес саусақ» рефлексиясы алынды.