03
июнь
2021
Лагердің үшінші күнінде "Кім жүйрік" тақырыбында әдебиеттік оқу пәні бойынша шара ұйымдастырылды.
"Балдәурен" лагерінде оқушылардың өткен тақырыбтар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін, білім деңгейін көтеру мақсатында "Кім жүйрік" тақырыбында әдебиеттік оқу пәні бойынша шара ұйымдастырылды. Оқушылар ертегі түрлері бойынша топқа бөлініп, ертегі кейіпкерлерін саусақ қуыршақтары арқылы сөйлете білді. Мақалдың жалғасын тап, үзінділер арқылы шығарма атауын табу, ребус шешу тапсырмаларын және сергіту жаттығуларын орындады. Жалпы оқушылар сайысқа белсенді қатысты.