27
январь
2021
"Жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы мұғалім құзіреттілігін арттыру" әдістемелік іс-шара
27.01.2021ж бастауыш сынып бірлестігінде Б.Ахметованың ұйымдастыруымен "Жаңашыл әдіс-тәсілдер арқылы мұғалім құзіреттілігін арттыру" тақырыбында әдістемелік іс-шара өткізілді. Шараға мектеп басшысы мен ұстаздар қауымы қатысты. Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру мен жетілдіру негізінде әдіс-тәсілдерді сабақ үрдісінде пайдалану және тәжірибе алмасу. Шара барысында ұстаздар туылған күндері бойынша топқа бөлініп, "әдіс және тәсіл дегеніміз не?" тақырыбы бойынша постер қорғады және топтар жұмыстарын табыс критерийлері бойынша бағалады. "Галереяға саяхат" әдісі арқылы күнделікті сабаұтарына пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерін сабақтың қай кезеңінде қолдану тиімді екенін және қалай ұйымдастыруға болатындығы туралы ой бөлісті. Іс-шара соңында мектеп басшысы Ф.Ниязова ұстаздар қауымына ризашылығын білдіре отырып, осындай жұмыстар жалғасын тапса деген тілегін жеткізді.