«Бастауыш мектепте ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.
«Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ» десек, білімнің негізгі бастауышта қаланатыны белгілі. Бастауыш сыныптағы әртүрлі әдіс-тәсілдер оқушы білімін дамытып, танымдық қабілетін сомдауға үлкен үлес қосады. Осы орайда №254 негізгі орта мектебінің бастауыш сынып бірлестігінде Г.Жақсыбекованың ұйымдастыруымен «Бастауыш мектепте ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыру» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шара барысында ұстаздар алдағы келе жатқан Жаңа жылға бір-біріне тілек айта отырып, газет және журнал атаулары бойынша топқа бөлінді. Шара ұйымдастырушысы «Мектеп әкімшілігі атынан газет, журнал шығару арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру» тақырыбында тапсырмасын екі топ «Бекет тынысы» және «Мектеп жаршысы» газет-журналдары арқылы саралады. Ұлттық ойынды насихаттау мақсатында логикалық тапсырмалар орындалды. Ұстаздар қауымы шара барысында ойын элементтерін пайдаланудың тиімді жолдарын кеңінен талқылап, тың идеялар мен ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.