23
ноябрь
2021
«Еңбек еткен – мұратқа жеткен» еңбекқорлық апталығы
№254 негізгі орта мектебінде 23 қараша 2021 жылы «Еңбек еткен – мұратқа жеткен» еңбекқорлық апталығының жұмыс жоспарына сай 8-9 сынып оқушыларымен «Табысқа жетудің жолдары» тақырыбында мектеп директорының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары Г.Примкулованың ұйымдастыруымен топтық жұмыс өткізілді.Мақсаты: табысқа жету жолдарын саралап, ондағы «ұмтылыстың» маңыздылығын көрсету. Мамандық түрлерімен таныстыруды жалғастыру.Топтық жұмыс барысында «Табысқа жету кластері» жаттығуы орындалды. Оқушылар үш топқа бөлініп, оларға «өмірдегі табыс» дегеннің не екені, оған қалай жетуге болатындығын көрсете алатындай схема салу тапсырылып, қорғалды. Болашаққа өз мақсаттарын жоспарлай отырып, бүгінгі ұмтылыстың салдары басқаға зардап шектірмейтіндей, қорытындысы өзіне де өзгеге де пайдалы болатындай зиянсыз болуға тиіс екендігіне тоқталды. Қорытындылау кезінде «Менің таңбам» тренингі жүргізілді.
Әр қатысушы өздерінің бойындағы мақсат, орта, жетістік, сенім, қасиеттерін өзі ұнатқан геометриялық фигураларды бейнелеу арқылы, өз ойын жеткізу, көзқарасын таныту арқылы көрсетті.
Әр қатысушы өздерінің бойындағы мақсат, орта, жетістік, сенім, қасиеттерін өзі ұнатқан геометриялық фигураларды бейнелеу арқылы, өз ойын жеткізу, көзқарасын таныту арқылы көрсетті.
Теги:
M254m254