26
ноябрь
2021
«Еңбек еткен – мұратқа жеткен»
№254 негізгі орта мектебінде 26 қараша 2021 жылы «Еңбек еткен – мұратқа жеткен» еңбекқорлық апталығының жұмыс жоспарына сай 5-7 сынып оқушыларымен «Мамандық өрісіндегі еңбек түсінігін қалыптастыру» тақырыбында мектеп директорының кәсіби бағдар беру жөніндегі орынбасары Г.Примкулованың ұйымдастыруымен тренинг өткізілді.Мақсаты: беделдікті арттыру, маманданған еңбек туралы білімдерін кеңейту. Мамандық өрісіндегі «еңбек» түсініктерін жоғарылату.Тренинг барысында «… әрпіне мамандық» жаттығуы орындалды. Жаттығу тәртібі сол аталған әріптен басталатын көп мамандық түрлерін білетіндерін дәлелдеу. Топтағы оқушылар әрқайсысы бір-бір мамандықты атап шықты. Көпшілікке танылмайтын мамандық болса, жүргізуші не туралы айтылғанын анықтап айтып өтті. Бұл жерде оқушылардың мамандандырылған еңбектің жуықталған түрлерін айтып, сұрақтарға жауап бергені маңызды саналды. Сонымен қатар тренинг барысында «Менің бойымдағы құнды қасиеттер» тақырыбында адам бойында болуға тиісті құнды қасиеттерді әр оқушы жазып шықты. Тренинг соңында «Ең-ең...» ойыны жүргізілді. Яғни оқушылардың мамандандырылған еңбек туралы танымдарын кеңейту мақсатында мамандықтардың ерекше бір мінездемелері беріліп, әр топ оларды кезекпен қандай мамандыққа жататыны жайлы болжады. Тренингті қорытындылауда оқушыларға «Бүгінгі тренингтің пайдасы болды ма? Қандай?» деген сұрақтармен қорытындыланды.
Теги:
enbek