28
октябрь
2021
«Әріпті мамандық»






№254 негізгі орта мектебінде 28-қазан 2021 жылы 4-сынып оқушыларымен «Әріпті мамандық» тақырыбында мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары Г.Примкулованың ұйымдастыруымен ойын сабақ өткізілді.Мақсаты:оқушылардың мамандыққа деген ықыласын, қызығушылығын арттыру арқылы өз қалауын жасауға мүмкіндіктер туғызу. Болашақ мамандықты әр түрлі оқу орындарынан алуға мүмкіндік барын ұғындыру. Мамандық әлемі туралы түсінігін кеңейту .Ойын сабақ кезінде оқушылар «Шеберлер» және «Кәсіпқойлар» деп 6 адамнан екі топқа бөліну арқылы сайыс түрінде ұйымдастырылды.
1. Миға шабуыл -ой қозғау: «Білімді мыңды, білікті бірді жығады»
2. Сәйкестендір: Мамандыққа сәйкес қасиеттерді табу.
3. Кім не істейді? ойын: «Мамандықтың бәрі жақсы».
4. Жұмбақтар сайысы: «Тапқыр болсаң тауып көр»
5. Топ басшылар сайысы (ым, ишарамен көрсету) : «Қай мамандық?»
Теги:
мамандық әлемі