18
май
2022
«Мен және менің құқығым» атты ой-пікір сағаты
Қазіргі заман талабына сай әрбір Қазақстан азаматы, еңбектеген сәби мен еңкейген қартқа дейін өз құқығын жете біліп, оны қажетіне сай өмір сүру дағдысында қолдана білуі керек. Әрбір адам өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын заңдарды білуі қажет. Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам - басқалардың құқықтарын бұзбауы, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы керек.Оқушылардың адам құқығы, оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру мақсатымен 18.05.22 жылы №254 негізгі орта мектебінде Алменова Махабат 7-сынып оқушыларымен «Мен және менің құқығым» атты ой-пікір сағатын өтті.