«Тарих-өткенге сабақ, келешекке- өнеге» атты тарих апаталығы өткізілді.
№254 негізгі орта мектебінде 30.11-04.12 .2020ж күндері аралығында «Тарих-өткенге сабақ, келешекке- өнеге» атты тарих апаталығы өткізілді.
Апталықтың бірінші күндері 5-6 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған «Менің Отаным-Қазақстан!» атты сурет көрмесі болды. Сурет көрмесіне оқушылардың өз қолдарымен салынған суреттері ілінді.
01.12.20ж 8-9 сынып оқушылары арасында онлайн түрде «Тәуелсіздіктің жеті қыры» атты деректі фильм көрсетілді. Деректі фильмді көру арқылы оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Апталықтың үшінші күнінде «Балалар және интернет» тақырыбындғы дебат (пікірталас) болып екі топтың тақырыптан ауытқымай айтқан ұтымды ойлары тыңдалды.
03.12.20ж күні 7-сынып оқушыларымен ұйымдастырылған «Ұлы даланың жеті қыры» атты таныстырылым көрсетіліп, апталық соңы «Латын әліпбиіне көшу-заман талабы» атты пікірсайыспен аяқталды. Апталықта оқушылардың белсенділігі, шығармашылығы көрініс тауып 5-сынып оқушысы Әбілхан Аружан, 6-сынып оқушысы Үсенбай Бақдәулет, 8-сынып оқушысы Жолмат Арнат, Маратқызы Гүлжайна, 9-сынып Әбітай Жасұлан мен Досан Мереке және 7-сынып оқушылары алғыс хаттармен марапатталды.