20
декабрь
2021
" Бастауыш сынып оқушыларын белсенді оқыту әдістері арқылы шығармашылыққа баулу" тақырыбында шеберлік сағаты
№254 негізгі орта мектебінің бастауыш сынып бірлестігінде бастауыш сынып мұғалімі Г Нәлібаеваның ұйымдастыруымен" Бастауыш сынып оқушыларын белсенді оқыту әдістері арқылы шығармашылыққа баулу" тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді. Шара барысында ұстаздар қауымы "Белсенді және белсенді емес сынып" тақырыбын талдады. Тәжірибе барысында "Он сұрақ", " Құпия зат","Өз жұбыңды тап" әдістерімен танысты. Шеберлік сағаты өз дәрежесінде өтті және қатысушылар өз ризашылықтарын білдірді.