12
март
2021
"Бастауыш сыныпта зерттеу және ізденушілік жұмыстарды ұйымдастырудың өзектілігі "
Бастауыш сынып бірлестігінде Г.Нәлібаеваның ұйымдастыруымен "Бастауыш сыныпта зерттеу және ізденушілік жұмыстарды ұйымдастырудың өзектілігі " тақырыбында әдістемелік жұмыс өткізілді. Шара барысында бастауыш сынып оқушылары арасында ғылыми жұмыстар ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық дағдыларын, өз білімдерін өз бетімен құрастыра білу икемділігін дамыту мақсаты көзделді. Шара барысында ұстаздар қауымымен "Сиқырлы қобдиша" тренингі ұйымдастырылды. Содан соң ұстаздар "Алма және банан" топтарына бөліне отырып осы жемістерге зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде осы заттар төңірегінде тньернет желісінен тың ақпараттар тауып, қорғады. Кері байланыс "Гүл шоғын" жасау бойынша жүзеге асырылды. Осындай зерттеу жұмыстарын өткізуді қолға алсақ мектебімізде бірнеше оқушы өздерінің жқмыстарын дайындау мүмкіндігіне ие болатынына көз жеткіздік.