23
декабрь
2021
" Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын тиімді қолдану"
№254 негізгі орта мектебінде бастауыш сынып бірлестік жетекшісіР Садикбекова " Сыни тұрғыдан ойлау стратегияларын тиімді қолдану" тақырыбында коучинг өткізді.Алдымен "Сұрақтар сандықшасы" арқылы ширату тапсырмасын орындап, "Домино" әдісі арқылы топқа бөлінді. Одан әрі " Мұғалімді қандай қабілеттері арқылы "көшбасшы" деп айтуға болады?" және "Әр сабаққа жаңалық енгізу жұмыс тиімділігін арттырады ма?" тақырыптары арқылы ой бөлісті. "Сиқырлы қаламсап"әдісі арқылы екі топ бір- бірлеріне тапсырма жасырып, сыни ойлана отырып шешу тапсырылды. "Суреттегі жүйрік ой" әдісі арқылы екі суреттің ұқсастықтарын тапты. Рөлдік ойын "Дубляж жасаймыз" әдісі арқылы ұстаздар қауымы өздері ұсынған рөл жағдайна айтарлықтай еніп, шынайылық қабілеттерін көрсете білді. Коучинг соңында "Шопинг" әдісі арқылы бүгінгі өткізілген шараға ұстаздар кері байланыс берді. Коучинг өте жоғары дәрежеде өткізілді және қатысқан мұғалімдер өз ризашылықтарын білдіріп, осындай шаралар мектебімізде көптеп ұйымдастырылса деген ұсыныс тілектерін айтты.