10
февраль
2022
"Білімді ұрпақ -келешек тірегі"
№254 негізгі орта мектебінде "Білімді ұрпақ -келешек тірегі" тақырыбындағы жаратылыстану пән бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан әдістемелік апталық аясында, 2022 жылдың 10 ақпан күні "Дарынды және талантты балалармен жұмыс жасаудың ерекшеліктері" тақырыбында математика пәні мұғалімі С. Жүнісов пікірлесу сағатын өтті. Мақсаты: дарынды және талантты балаларды оқытуда олардың кең өрісті қабілетін дамытуға, талантты және дарынды балаларды анықтау барысында мұғалімдердің өзара байланыста жұмыс жасауына бағыт-бағдар беру. Жұмыс барысында "Ой қозғау"әдісі арқылы дарынды және талантты балаларға тән қасиеттерді анықтады. Мұғалімдер топта біріге отырып жұмыс жасау арқылы өз ойларын, пікірлерін ортаға салды. С.Жүнісов дарынды және талантты балаларды анықтауға қатысты көптеген ақпараттар берді.